Ақ аюлар 2100 жылға қарай жер бетінен жойылып кетуі мүмкін
Ғалымдардың есептеуінше ғасыр соңына қарай хайуанат әлеміндегі бірнеше жануар түрі жойылады. Бұл пороблемалардың көп бөлігі 2080 жылға келіп байқала бастайды
Ғалымдардың пікірінше, егер көмірқышқыл газдарының атмосфераға шығындары азаймаса, полярл аюлары 2100 жылға қарай жер бетінен жойылып кетуі мүмкін, деп айтуда.
«Nature Climate Change» журналында жарияланған сараптамаға сай әлемдегі полярлық аюлардың 19 түрінің 13-і зерттеулген. Нәтижеде 2040 жылға келіп көптеген ақ аюларда репродуктивті жетіспеушіліктер пайда болады.
Қазіргі күнде Шпицбергеннің мұзды ландшафттарынан бастап Норвегия, Канададағы Гудзон шығанағына дейін және Канада мен Аляска, Сібір арасындағы Чукотка теңізіне дейінгі 19 аймақта жалпы шамамен 26 мың поляр аю тіршілік етуде. Олар көп жағдайда құрлықтан азық таба алмай негізінен мұздықтардан қоректенеді. Климаттың өзгеруі аюлар тіршілік ортасына қатты әсер етуде екендігі мәлім болған.
Ғалымдардың есептеуінше атмосфераға көмірқышқыл газдарының әсер ету деңгейі азайған жағдайда да ғасыр соңына қарай хайуанат әлеміндегі бірнеше жануар түрі жойылады. Бұл пороблемалардың көп бөлігі 2080 жылға келіп байқала бастайды.