Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Илон Маск әлемдегі миллиардерлер қатарында екінші орынға шықты
11:55 / 2020-11-24

«Space X» және «Tesla» компаниясының негізін қалаушы өнертапқыш Илон Маск Bloomberg-тің әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде екінші орынға шықты.

Масктың байлығы Тесла акцияларының бағасының қымбаттауы арқасында7,2 миллиард долларға өсіп, оның жалпы байлығы 128 миллиард долларға жетті. Ол бұл көрсеткіш бойынша Майкрософттың негізін қалаушы Билл Гейтстен асып түсті. Гейтстың 127,7 миллиард доллармен 3-орынға жайғасқан. 

Майкрософттың негізін қалаушы соңғы 8 жылда екінші рет 2 орыннан түсіп отыр. Рейтинг авторлары егер Гейтс қайырымдылықпен азырақ айналысқанда, оның байлығы қазіргіден де көп болар еді деп көрсетеді.

1 - орында Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос 182 миллиард долларлық көрсеткішпен көш бастап тұр.

Bloomberg-тің бағалауы бойынша, Масктің байлығы соңғы 12 айда шамамен 100 миллиард долларға артқан. Әлемдегі ең бай 500 адамның ішінде мұндай қысқа кезеңде ешкім өзінің байлығын осыншалықты соммада арттыра алмаған дейді. Өйткені жыл басы қаңтарда миллиардер Bloomberg тізімінде 35-ші орында еді.