Өзбекстан 10 айда 5,8 млрд долларлық алтын сатқан
Өзбекстан 2020 жылдың қаңтар-қазан аралығында 5 млрд 804,4 млн долларлық алтын сатқан. Бұл ел экспортының 43,5% -ын құрады.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, алтын соңғы 10 айдағы үздік экспорттық өнім болған және оның экспорты өткен жылмен салыстырғанда 43,5%-ға өскені айтылады. Ал, экспорттық өнімдер тізімінде өнеркәсіп өнімдері екінші орында. Қаңтар-қазан аралығында жалпы құны 2 млрд 341,6 млн доллар болатын өнеркәсіп өнімдері экспортталып, бұл жалпы экспорттың 17,6 пайызын құраған.
Осы дәуір кезеңі аралығында Өзбекстанның импорт көлемі 16,7 млрд-қа жеткен. Импорттың басым мөлшері автокөлік пен көлік жабдықтарының (37,8%) үлесіне тура келген.
Еске салар болсақ, Өзбекстан 2019 жыл қорытындысы бойынша 5 млрд долларға жуық алтын сатқан. Бұл соңғы жылдардағы өте жоғары көрсеткіш болған еді.