Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ұлыбританияда «Huawei» технологиясын қолданғаны үшін айыппұл салынатын болды
16:09 / 2020-11-24

Ұлыбритания 5G желісінде Қытайлық компания «Huawei» технологиясын пайдалануға тыйым салған Еуропадағы алғашқы елдердің бірі болды.

Ағылшын үкіметі «Huawei» компаниясына елде 5G желісін құруға тыйым салғаннан кейін тыйым салуды сақтамағаны үшін үлкен айыппұл салуды жоспралауда. Осы жоба бойынша арнайы заңда 5G желісін құруда «Huawei» құрылғыларын қолданғаны үшін айналым қаражатының 10 пайызына дейін немесе күніне 113 мың еуро көлемінде айыппұл салу көзделген. Үкімет бұл шара Ұлыбританияны ықтималды кибершабулардан қорғауға көмектеседі дейді.

Өз кезегінде «Huawei» компаниясы Лондонның бұл әрекетіне шағымданып: «Бұл шешім саяси сипатта және тәуекелдерді әділ бағалауға негізделмеген», - деген компанияның вице-президенті Виктор Чжан.