Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
9 мамыр күніне орай Ташкентте жалпыға арналған жүгіру жарысы өтеді
14:10 / 2023-05-08

2023 жылдың 14 мамыры күні Ташкент қаласында 9 мамыр – Еске алу және қадірлеу күніне арналған «Мен жеңімпазбын» атты жаппай жүгіру жарысы өтеді.

Өзбекстан Жеңіл атлетика федерациясы, негізгі серіктес – «Узбекнефтгаз» компаниясы, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ташкент қалалық әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан жарыс, «Humo arena» кешенінің алдынан басталады.

Бұл спорттық шараға 2000-ға жуық желаяқтың қатысуы көзделген. Осыған орай жарыс бағдарламасы кеңейтіліп, оған 3 қашықтық қосылды: жартылай марафон – 21,1 км, ширек марафон – 10,5 км және 3 км жүгіру. Жарыс сағат Ташкент уақытымен 07:00-де басталады.