English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
9 айда Өзбекстан 9 мыңға жуық автокөлікті Қазақстанға эспорттады
11:16 / 2020-10-24

2020 жылдың соңғы 9 айында Өзбекстан шет елге 108,2 млн долларлық жеңіл автокөлік экспорттаған


2020 жылдың соңғы 9 айында Өзбекстан шет елге 108,2 млн долларлық 11 135 жеңіл автокөлік экспорттаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,9 пайызға жоғары.

Өзбекстан экспорттаушылар қауымдастығының хабарлауынша, жеңіл автомобильдер экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,1 миллион долларға немесе 47,9 пайыз жоғары көрсеткішке шыққан. Осы кезеңдегі экспортталған автокөліктердің басым бөлігі яғни 8985-сі Қазақстанға экспортталды.

Шет елдерге экспортталған автокөліктер құны:

- Қазақстан - 91,7 млн АҚШ доллары
- Әзірбайжан - 6,2 млн АҚШ доллары
- Украина - 5,7 млн АҚШ доллары
- Ресей - 2,2 млн АҚШ доллары
- Тәжікстан - 1,1 млн АҚШ доллары
- Басқа елдер - 1,3 млн АҚШ доллары.

2020 жылдың осы 9 тоғыз айындағы кезеңде Өзбекстанға құны 349,3 миллион доллар тұратын 20 482 автокөлік импортталған.