9 айда 24 миллион доллардан астам цемент экспортталды
Өзбекстан соңғы 9 айда 7,8 млн тонна цемент өндіріп шет елге құны 24 миллион доллардан астам өнімді экспорттады.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері бойынша, биыл Өзбекстанда 7,8 млн тонна цемент өндірілген болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 102,6 пайызды құраған.
Экспорттың негізгі бағыты Ауғанстан, Сингапур, Ресей, Қытай, Түркия және басқа да бірқатар шетелдерге 24,2 млн долларлық цемент экспортталған болса, Өзбекстан өз кезегінде Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Ресей және басқа елдерден 87,0 млн долларлық цемент өнімдері импортталған.