English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
9 ай ішінде Өзбекстанға шетелден 1629 электромобиль импортталды
13:05 / 2022-10-17

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстанға шетелден 1629 электромобиль импортталды.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 9 ай ішінде әкелінген электромобильдердің жалпы құны 51,3 миллион АҚШ долларын құрайды. Бір ғана қыркүйек айының өзінде 130 электромобиль импортталған.

2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты биыл 3,2 есеге өскен.

Биылғы жылдың 9 айында Өзбекстан ең көп электромобиль импорттаған елдер:

— Қытай – 1422 дана

— БАӘ – 111 

— Германия – 41 

— Гонконг – 31 

- Литва - 10 

- Корея - 7 

- Басқа елдер - 7 дана

Еске салар болсақ, Мемлекет басшысы осы салада тәжірибесі бар шетелдік компаниямен бірлескен кәсіпорын құрып, Ферғанада әмбебап электромобильдер шығаруды жолға қою керектігі баса айтқан болатын.