Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
СІМ: Қазақстанда Өзбекстан азаматтарының ұсталғаны туралы мәлімет жоқ
14:03 / 2022-01-11

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстандағы оқиғаларға байланысты ақпарат жариялады.

«Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі көршілес Қазақстандағы жағдайдың барысын мұқият бақылап отыр.

Елдің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктері– Нұр-Сұлтандағы Елшілікте, Алматы және Ақтаудағы Бас консулдықтарда жедел штаб құрылды.

Қиын жағдайда қалған азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттермен байланыс орнатылды. Қажет болған жағдайда тиісті көмек көрсетіледі. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында рейс күтіп тұрған азаматтарға ыстық тамақ берілді.

Өзбекстан азаматтарының Қазақстан аумағында болып тұрған туыстары және жақындарымен байланыс орнату үшін шұғыл көмек көрсетілуде.

Алматыдан Өзбекстанға қайтқысы келетін азаматтардың тізімі жасалды. Олар Өзбекстанға «Uzbekistan airways» әуе компаниясының тұрақты рейстерімен қайтарылады. Қазір Алматы әуежайы жабық күйінде қалуда.

Өзбекстанның дипломатиялық және консулдық өкілдіктері Қазақстанның құқық қорғау органдарының өкілдерімен тұрақты байланыста. Өзбекстан азаматтарының қамауға алынғаны туралы мәлімет жоқ», екені айтылған ресми ақпаратта.