80 жастағы канадалық қан тапсыру бойынша рекорд орнатты
Канаданың Альберта провинциясының 80 жастағы тұрғыны, 60 жылға жуық тұрақты қан тапсырып, әйелдер арасында донорлық қан саны бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Гиннестің рекордтар кітабының хабарлауынша, 80 жастағы Джозефина Михалюк 1965 жылы 22 жасынан қан тапсыра бастаған. Содан бері ол барлығы 203 бірлік қан тапсырды. Қан бірлігі шамамен 0,5 литрді құрайды.
Михалюктің айтуынша 1965 жылы донор болған әпкесі оны алғаш рет қан тапсыруға көндірген.
«Мен оған қосыламын деп шештім және бұл бастамасы болды», - деген ол.
Қан тобы (О+) сұранысқа ие Михалюк өзінің донорлығының адамдарға көмегі тигенінен қуанатынын жеткізген.