Өзбекстанда кейінгі жылдары энергетика саласында жүргізілген дәйекті реформалар мен жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде электр энергиясын өндіру көлемі ұдайы артып келеді.
Бұған өндіріс орындарын жаңғырту, жаңа станциялар салу және қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша жүзеге асырылған жобалардың әсері мол.
Энергетика министрлігінің ақпараттық қызметінің талдауына сәйкес, 2024 жылы өндірілген электр энергиясының көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 22,5 миллиард киловатт сағатқа немесе 38 пайызға артқан.
2016-2024 жылдардағы электр энергиясын өндіру көлемінің жылдық серпіні мынадай:
2016 жыл – 59,0 млрд кВтсағ;
2017 жыл – 60,7 млрд кВтсағ;
2018 жыл – 62,8 млрд кВтсағ;
2019 жыл – 63,6 млрд кВтсағ;
2020 жыл – 66,4 млрд кВтсағ;
2021 жыл – 71,3 млрд кВтсағ;
2022 жыл – 74,3 млрд кВтсағ;
2023 жыл – 78,0 млрд кВтсағ;
2024 жыл – 81,5 млрд кВт/сағ.
Бұл көрсеткіштер республикадағы электр энергетикасы саласындағы жоғары әлеуеттің көрсеткіші саналады және экономика салаларының тұрақты өсуіне маңызды негіз жасайды.