French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
8 мамырдан бастап Ташкентте бірқатар қолайлықтарға рұқсат берілді
10:04 / 2020-05-07

Азық-түлікке жатпайтын бөлшек сауда дүкендері, зергерлік және гүл сататын дүкендер, шаштараз бен сұлулық салондары т.б бірнеше нысандар


Коронавирус бойынша Республикалық арнайы комиссия аймақтарды 3 санатқа бөліп ондағы карантиндік кезеңде қолданған шаралардың күшін жойды. Ташкент қаласы, Сұрхандария және Хорезм облыстары қауіпсіздіктің «сары» деңгейі деп танылды және 2020 жылдың 8 мамырынан бастап біршама қолайлықтарға рұқсат етілген.
  • азық-түлікке жатпайтын бөлшек сауда дүкендері, зергерлік және гүл сататын дүкендер, шаштараз бен сұлулық салондары (арнайы талаптарға сәйкес) және қонақүйлер (жатақханалар мен қонақ үйлерден басқа);
  • көлік жуу орталықтары, автокөліктер қозғалысы, ауылшаруашылық және құрылыс техникаларына қызмет көрсететін ұйымдар қызметі;
  • қолөнершілік, тұрмыстық техниканы және электронды құрылғыларды жөндеу шеберханаларының қызметі;
  • арнайы талаптар негізінде жолаушыларға такси қызметін көрсету, велосипед және мотоскутерлер қозғаласана;
  • азық-түлік дүкендері, азық-түлікке жатпайтын көтерме дүкендер, құрылыс материалдары базарлары, тігін және тігіншілік дүкендері, коммерциялық банктер, химиялық тазалау орталығы, нотариустар, заң фирмалары мен сақтандыру компаниялары, аяқ киім жөндеу шеберханалары, мал шаруашылығы, былғары өңдеу кәсіпорындары, жеңіл тамақ дайындау орталықтары (жеткізу және тасымалдау ), медициналық мекемелер;
  • ауылшаруашылық өнімдерін жинау, жеткізу және сату, ұрық және көшеттер өсіру, сату, автомобильдерге қосалқы бөлшектерді сату;
  • нысандарды салу, қайта құру және жөндеу, жеке құрылыс-жөндеу жұмыстары, жеткізу қызметтері;
  • көпқабатты үйлердің алдында және аулада серуендеу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және маска кию.