Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
72 жастағы қазақстандық жиһангез жер шарын жаяу аралап шықпақ
10:06 / 2023-01-16

Қазақстанның бүкіл өңірін жаяу аралап шыққан 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашев енді әлем елдеріне саяхат жасамақ.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы жиһангез өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы өз өмірімде жаңа қадам бастап, жаяу жүріп өттім. Жүрген жерімде мені таң қалдырған, қуантқан және бұрын бастан кешірмеген ерекше эмоцияларға көз жеткіздім. Бірінші экспедициям сәтті аяқталды. Бұл сапарымда жоспарлаған мерзімнен бұрын көздеген межеге жеткен сәтті жетістік болды. 72 жыл ішінде алғаш рет туған еліміздің көптеген көрікті жерлерін аралаппын. Ендігі кезекте оның шеңберінен шығып, жер шарын айналып шығуды жөн көрдім. Өйткені, бір жолдың соңы - қашанда жаңа жолдың басы», - деп жазген Сәрсенбай Қотырашев өзінің Іnstagram парақшасында.

Марафоншы өз сапарын Атыраудан бастап, орта және солтүстік жарты шардағы 14 елді аралап, Өскеменде аяқтауды жоспарлап отыр.