6 айлық үзілістен соң Өзбекстан мектептерінде сабақ басталды
Жаңа 2020/2021 оқу жылы 14 қыркүйектен ресми түрде басталатын болған
Пандемияға байланысты 6 айлық үзілістен соң 7 қыркүйек күні Өзбекстандағы 329 мектепте алғашқы қоңырауы соғылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталықтары мектептердің жаңа оқу жылына дайындығының жағдайын пысықтау мақсатында 5 қыркүйекке дейін мектеп қызметкерлері үшін қосымша тренингтер өткізді, ол процес осы күнге дейін жалғасуда.
Ал, распубликадағы мектептердің қызметін қайта бастау туралы шешімді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталықтарының қорытындысы негізінде жергілікті халық депутаттар Кеңестері қабылдайды, делінген министрлік хабарында.
Жаңа 2020/2021 оқу жылы 14 қыркүйектен ресми түрде басталатын болған.