Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
51 жылын өмірін ауруханада өткізген бразилиялық азамат қайтыс болды
07:56 / 2020-11-20

Жарты ғасырлық өмірін Сан-Паулу университетінің ауруханасында өткізген бразилиялық Энрике Мачаду 18 қараша күні 53 жасында қайтыс болды.

Энрике 1967 жылы дүниеге келген болып, ол босану кезінде анасынан айрылған. Содан кейін оның жүйке жүйесін зақымдаушы полиомиелиттің асқынуына байланысты 2 жасында ауруханаға түсіп, қайтыс болғанға дейін сол жерде өмір сүрді.

Энрике Мачаду орта мектепті ауруханада бітірді және өзінің осындай халде болуына қарамай, түрлі ойындар мен мультфильмдерге қызығушылық танытып, әлеуметтік желілерде өз парақшасын жүргізген. Ол тіпті мүгедек бала мен оның достарының өмірін бейнелейтін анимациялық фильм де жасады.

Жергілікті БАҚ-тыңжазуынша марқұм танымал тұлғаға айналған және адамдарды ауыр сырқаттыққа қарсы күресуде жеңілмеуге үндеген.