50 жастағы неміс конькишісі Олимпиада тарихына енді
Неміс конькишісі Клаудиа Пехштайн Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында 3 мың метрге жүгіруден рекордты қайталады.
22 ақпанда 50 жасқа толатын Пехштайн үшін 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасы – оның мансабындағы сегізінші Олимпиадасы.
Бұл көрсеткішпен неміс спортшысы жапондық шаңғышы Нориаки Касаймен теңесті. Жапондық спортшы да 1992 жылдан 2018 жылға дейін қатарынан сегіз Олимпиадаға қатысқан.
Алғашқы Олимпадасына 19 жасында қатысқан Клаудиа Пехштайн бес алтын (1994, 1998, 2002, 2002, 2006 ж.), екі күміс (1998, 2006ж), екі қола (1992, 1994ж) жүлдегері атанған.