5 университет бакалаврға қабылдау емтихандарын тәуелсіз өткізетін болады
Шетелдік университеттермен тәжірибе негізінде трансформация жасау үшін Өзбекстандағы 5 университет ашық конкурс негізінде таңдалады
Шетелдік университеттермен тәжірибе негізінде трансформация жасау үшін Өзбекстандағы 5 университет ашық конкурс негізінде таңдалады. Олар қабылдау параметрлерін дербес түрде анықтап, бакалавр емтихандарын тәуелсіз өткізу құқығына ие болмақ.
27 қазанда қол қойылған үкімет шешімімен елдегі 5 жоғары оқу орны 2021 жылдың 1 наурызына дейін шетелдік университеттермен трансформация бойынша ашық конкурс негізінде таңдап алынады.
Онда, 2021/2022 оқу жылынан бастап тәжірибелік-сынақ негізінде трансформация жасау мүмкін болған жоғары оқу орындарында:
- бакалавр және магистратураға ақылы түрде қабылдау параметрлерін олар тәуелсіз түрде белгілейді;
- бакалавр бағытында оқуға түсу емтихандарын тәуелсіз түрде өткізеді;
- оқу үдерісіне серіктестік ретінде бекітілген шетелдік беделді университеттердің профессорлары мен оқытушылары жұмылдырылады.