5 санаттағы жеке ұйымдарға «Электрондық үкімет» ақпаратын пайдалану құқығы беріледі
Өзбекстанда 5 санаттағы жеке ұйымдарға «Электрондық үкімет» ақпаратын пайдалану құқығы берілетін болады.
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өзбекстанда азаматтар мен жеке секторға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында жеке ұйымдардың кейбірі «электрондық үкімет» жүйесі арқылы алуға болатын ақпаратқа қол жеткізе алады.
Осы жағдайға байланысты Президент жарлығы қабылданды. Қаулыға сәйкес үкіметтік емес ұйымдар мынадай:
- коммерциялық банктер;
- телекоммуникациялық ұйымдар;
- жеке медициналық мекемелер;
- үкіметтік емес білім беру ұйымдары;
- сақтандыру компаниялары.
«Электрондық үкімет» жүйесін пайдалануға уәкілетті үкіметтік емес ұйымдар жеке ақпаратты қорғау және оны үшінші тұлғаларға жарияламау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдауы қажет.
Сондай-ақ, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап коммуналды ұйымдар тарапынан халық пен кәсіпкерлік субъектілерден ондаған құжат пен мәлімет түрін талап етуі жойылады.