5 айда Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 26 миллиард долларға жетті
2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында Өзбекстан әлемнің 182 елімен сауда байланысын орнатты.
Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 5 айда Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 25,8 миллиард АҚШ долларын құрады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ол 5,2 млрд АҚШ долларына немесе 25,4 пайызға өскен.
5 айда Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 10,5 миллиард АҚШ долларын экспорттаса, 15,3 миллиард АҚШ долларын импорттаған.