Аргентиналық супер жұлдыз Лионель Месси, Каталонияның «Барселона» клубында 4 жылдық келісімшарт үшін 555 млн еуро жалақы алатыны жөнінде мәлімет жарияланды. Бұл спорт тарихында ең үлкен келісім.
Испанияның «El Mundo» басылымы Месси мен «Барселона» клубы арасында 2017 жылы жасалған 4 жылдық келісімшартқа сәйкес, 33 жастағы Аргентина құрамасының капитаны 555 млн 237 мың 619 еуроға дейін жалақы алатыны жөнінде сенсациялық мақала жариялады.
Бұл шамамен 674 млн долларға тең болып, келісімшартта клуб тарапынан белгіленген бонустарда бірге көрсетілген.
30 беттік келісімнің негізінде Месси жыл сайын бонустармен бірге есептегенде 138 млн еуро жалақы алуы белігленіп, ол әлдеқашан 511,5 млн еуродан астам ақшаны алып қойған.
Каталондықтар мен Месси арасындағы келісімшарт 2021 жылдың 30 маусымында аяқталады. Ондағы көрсетілген шарттарға сәйкес Месси 2021 жылдың қаңтарынан бастап клубты ескертпей басқа командалармен келіссөздер өткізу құқығына ие. Бүгінгі таңда 33 жасты аладоп шеберіне «Манчестер Сити» мен «ПСЖ» клубтары ең жақын үмткер болуда.
Интернет беттерінде рекордты суммаға жасалған футболшы мен клуб арарсындағы осы келісімнің суреті тарағаннан кейін, Мессидің өкілдер «El Mundo» басылымын сотқа беруін айтты. Бұдан бөлек «Барселона» өкілдеріне қарсы арыз тапсыруын да мәлімдеген. Өйткені бұл бітім олардың қатысынсыз газета бетіне шықпайтын еді, деп айтуда адвокаттар.