Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
4 айда Өзбекстанға халықаралық ақша аударымдары арқылы 2 млрд доллар түскен
16:16 / 2021-05-12

2021 жылдың алғашқы ширегінде халықаралық ақша аударымдары арқылы Өзбекстанға келіген қаржы көлемі 1,99 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 663 млн доллар немесе 50 пайызға, ал 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34 пайызға өскен.

Орталық банк мәліметіне қарағанда, соңғы 4 айда Өзбекстаннан сыртқа шыққан ақша көлемі 478 млн долларға жеткен. Нәтижесінде 2021 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында трансшекаралық ақша аударымдарының оң сальдосы шамамен 1,52 млрд долларды құрады.

Соңғы жылдары Өзбекстанға халықаралық трансшекаралық ақша аударымдарының көлемі біршама артып келеді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ақша аударымдарының көлемі 6,03 млрд долларды құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 17 млн ​​долларға немесе 0,3 пайызға өскен еді.