4 айда Өзбекстан халқы 137 мыңға өсіп, 34,7 миллионға жетті
Өзбекстанның халық саны соңғы төрт айда 136,7 мың кісіге көбейіп, 34,7 миллионға жетті.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, халықтың тұрақты өсу қарқыны 101,9 пайызды құрайтын болып, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өзбекстан халқының саны 34,7 миллионға жеткен.
Ел тұрғындары жыл басынан бері айына орта есеппен 45,9 мың адамға өсті. Мұны күндік көрсеткішке балайтын болсақ шамамен әр күні халық саны 1,5 мыңға өсіп отырған.
Статистикалық дерекке сай, жалпы халықтың 17,2 млн-ы әйелдер, 17,5 млн-ы ер адамдар құрайтыны белгілі болды. Сонымен қатар қазіргі уақытта елдегі 17,6 миллион адам қалада, 17,1 миллион адам ауылдық жерлерде өмір сүруде.
Республикада қаңтар-наурыз айлары аралығында 179,8 мың бала туған болса, 39,6 мың азаматтың өлімі тіркелген.