39 жыл комада жатқан футболшы қайтыс болды
ПСЖ мен Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы Жан-Пьер Адамс 73 жасында қайтыс болды.
Адамс өмірінің жартысынан көп бөлігін комада өткізді. Ол 1982 жылы 17 наурызда Лиондағы ауруханада тізесіне ота жасалып жатқанда, анестезиологтың қателігінен комаға түскен болатын. Операция кезінде ойыншының жүрегі тоқтап, миы зақымданған. Сәтсіз операциядан кейін Жан-Пьер Адамс 15 ай комада ауруханада жатты, содан кейін оны әйелі Бернадетт күтімге алды. 39 жыл бойы ол есін жиған жоқ.
Жан-Пьер Адамс «Ницца» клубымен Франция чемпионатының күміс жүлдегері атанған. 1972-1976 жылдары футболдан Франция ұлттық құрамасы сапында 22 ойында алаңға шыққан.