French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
39 жастағы Златан Ибрагимович Швеция құрамасына шақырылды
12:26 / 2021-03-16

Италияның «Милан» клубы шабуылшысы Златан Ибрагимович Швеция ұлттық құрамасына шақырту алды.

Sky Sport Italia баслымының мәліметінше күзде 40 жасқа толатын футболшы наурыз айында өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің құрамына енген.

Швеция 2022 жыл Қатарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Грузиямен (25 наурыз), Косовомен (28 наурыз) ойнайды, сонымен қатар Эстониямен (31 наурыз) жолдастық ойын өткізеді.

«Милан» клубы әзірше шабуылшының ұлттық құрамаға шақырылғанын әлі растаған жоқ. Жағдай ойыншының 28 ақпанда алған жарақатынан қашан қалпына келетініне де байланысты.

2001-2016 жылдар аралығында Швеция құрамасы сапында 116 ойында алаңға шыққан Ибрагимович 62 гол соққан. Ол қазіргі күнде команданың үздік сұрмергені саналады.