Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Токио-2020: Олимпиада ресми түрде қалдырылды
18:24 / 2020-03-24

Жапонияның бұл Олимпиаданы қалдыруы мемлекетке 74,3 миллиар доллар көлемінде шығын келтіруі


Токиодағы 32-ші жазғы ойындар Олимпиадасы биыл жазда ресми түрде өтпейтін болды. Мұны Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің өзі растады.

Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімі бойынша биыл өтуі жоспарланған жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындары келесі жылы өтуі жайлы ұсынысына Токио тарапы қолдау білдірген және ресми түрде өтпейтінін жариялап, 32-ші жазғы ойындар жарысы 2021 жылға қалдырылғанын хабарлады. 

Әлемге қауіп төндірген коронавирус себеп Канада және Австралия биылғы Олимпиада ойындарына өз спортшыларын жіберуден бас тартқан болатын. Ал «Global Athlete» спортшылар қауымдастығы ХОК-қа тікелей бұл жағдайды қалдыруды немесе уақытын кешіктіруін айтып, спортшылар мен жанкүйерлердің өмірін қатерге қоймауын сұраған. Шыныда қазіргі әлемдік ахуал өте күрделі. «COVID-19» індетінің өршуі соншалықты өскені жер бетінде 400 мыңға жуық жанды ауру етті.

Жапонияның бұл Олимпиаданы қалдыруы мемлекетке 74,3 миллиар доллар көлемінде шығын келтіруі жайында бұған дейін «SMBC Nikko Securities» қаржылық компаниясы болжам жасаған. Бұл жағдайға Канада, Жапонияға қол ұшын беруге дайын екенін Олимпиадаға барудан бас тартқан мәлімдемесі мен бірге айтып өткен еді.