31 жыл бойы сақталған әлемдік рекорд жаңартылды
Америкалық жеңіл атлет Райан Краузер 31 жылдан бері сақталып келе жатқан жабық ғимараттағы ядро атудан әлем рекордын жаңартты.
28 жасты Олимпиада чемпионы АҚШ біріншілігінде ядроны 22 метр 82 сантиметрге лақтырып, өз отандасы Рэнди Барнс орнатқан 1990 жылғы әлем рекордын 16 сантиметрге жаңартты. Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Райан Краузер бұл нәтижеге бірінші әрекеттен-ақ қол жеткізген.
Жеңіл атлет төрт жыл бұрын Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында алтын медалмен марапатталған еді. Сол кезде ол ядроны 22 метр 52 сантиметрге лақтырып Олимпиада рекордын орнатты. Бір ерекше тұсы Райан Краузерді рекордына дейін, Олимпиада ойындарында да үздік нәтиже 28 жыл бойы сақталып келген.