30 жылдың ішінде Өзбекстанның тұрақты халқы 13,9 миллион адамға өсті
30 жылда Өзбекстанның тұрақты халқының саны 13,9 миллион адамға өсіп, қазірде жалпы халық саны 34,5 миллионға жеткен.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 1991 жылы Өзбекстан Республикасының тұрақты халқы 20,6 миллион адам болған. Ал, 30 жыл ішінде Өзбекстанның тұрақты халқы 13,9 миллион адамға өсті.
2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республиканың тұрақты тұрғындарының саны 34,5 млн адамды құрады.
Елдегі тұрақты халықтың өсу қарқыны 101,9 пайызды құрайды. Республика халқы жыл басынан бері айына орта есеппен 50,2 мың адамға көбейді. 2021 жылдың әр күнінде тұрақты халық саны орташа есеппен 1,7 мың адамға өсіп отыр.