30 шілде Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» мерекесі ретінде тойланбақ
29 желтоқсанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың «Олий Мажлиске» кезекті Жолдауы өтіп, онда Мемлекет басшысы 30 шілде күнін Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» мерекесі ретінде тойлауды ұсынды.
«Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес 30 шілде Халықаралық достық күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Сондықтан мен бұл датаны Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» ретінде белгілеуді ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы.