Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
3 ай ішінде Өзбекстан әлемнің 54 еліне 638 млн долларлық тоқыма өнімдерін экспорттады
12:26 / 2021-05-07

Өзбекстан 2021 жылдың алғашқы ширегінде әлемнің 54 еліне жалпы құны 637,7 млн долларлық тоқыма өнімдерін экспорттады. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 174 млн долларға көп.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері үш ай ішінде елдегі жұмыс істейтін 5 080 тоқыма кәсіпорындары 11,5 триллион сумдық өнім шығарған болып, оның шамамен 60% -ы экспортқа шығарылуда. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сектор өнімділігі 19,1 пайызға өсті.

Осы кезеңде шыққан өнімдердің ең көбі Ресей, Қытай, Қырғызстан мен Түркия сынды елдерге экспортталды.

2021 жылдың 1-тоқсанында Өзбекстаннан ең көп тоқыма өнімдері мына елдерге экспортталған:

Ресей - 209,4 млн.

Қытай - 170,1 млн.

Қырғызстан - 83,9 млн.

Түркия - 65,9 млн.

Польша - 15,4 миллион,

Иран - 11,0 млн.

Украина - 10,7 млн,

Қазақстан - 10,3 млн.

Пәкістан - 9,6 млн.

Египет - 6,9 млн,

Италия - 5,2 млн.

Әзірбайжан - 5,1 миллион АҚШ доллары.

2020 жылы Өзбекстан әлемнің 70 мемлекетіне 1,9 миллиард долларлық тоқыма өнімдерін экспорттаған.