24 жыл дегенде «Формула-1» Гран-присінде француздық спортшы жеңіске жетті
Францияның «Альфа Таури» жүргізушісі Пьер Гасли Италияда өткен Формула-1 Гран-присінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Францияның «Альфа Таури» жүргізушісі Пьер Гасли Италияда өткен Формула-1 Гран-присінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл жеңіс, жарыс тарихында 24 жыл деген тағы бір француздыққа нәсіп етті.
Италияның «Монца» автодромындағы жарыстың сегізінші кезеңінде «Макларен» екінші, «Рейсинг Пойнт» тобы үшінші орынға ие болды. Ал чемпионаттың алты дүркін жеңімпазы Льюис Хэмилтон бағдаршамның қызыл түсіне қарамай, пит-лейнге кіргені үшін 10 секундтық айыппұлмен жазаланған болса, 1995 жылдан бері алғаш рет Ферраридің екі жүргізушісі трассадан шығып кетті.
Пьер Гасли Формула-1 Гран-присінде 1996 жылдан бергі аралықтағы кезеңде жеңіске жеткен алғашқы француз. Бұған дейін Монакода өткен Гран-приде Оливье Панис жеңіске жеткен болатын. 24 жасты спортшы 2019 жыл Бразилия Гран-присінде екінші орынды иелеген еді.