Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі 23 жыл бойы іздеуде болған азаматты қамауға алды.
«Түркістан ислам қозғалысы» («TИҚ») халықаралық террористік ұйымының мүшесі, Өзбекстан Республикасының аумағында өте ауыр қылмыс жасағаны үшін 23 жыл іздеуде болған «Ю.Ж.» есімді азамат шетелде ұсталып, елге әкелінді.
Ол 1969 жылы Ташкент облысында дүниеге келген. 1998 жылдың басында Ресейдің Шешенстан Республикасына барып, Иорданиялық Амир Хаттаб құрған содырлар лагерінде арнайы дайындықтан өткен және сол жылдың соңында Ауғанстандағы «TИҚ» халықаралық террористік ұйымына қосылады.
1999 жылдың қаңтарында ол ұйым басшыларының нұсқауымен Ташкентке айналма жолмен өтіп, ауқатты адамдардың үйлеріне тінту жүргізіп, ақшасы мен құнды заттарын тәркілеп, Ауғанстандағы «TИҚ» басшыларына жіберді.
Ол сонымен қатар 1999 жылы 16 ақпанда және 30 наурызда Ташкент қаласындағы тәртіпсіздіктерге де қатысқан.
Сондай-ақ, 1998-2006 жылдар аралығында шетелдерде халықаралық террористік ұйымдардың қатарында қызмет етті.
Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
МҚҚ баспасөз қызметі хабары