2034 жыл футболдан Әлем чемпионаты Сауд Арабиясында өтеді
Футбол бойынша 2034 жылғы Әлем чемпионаты Сауд Арабиясының жасыл алаңдарында өтеді.
ФИФА мәлімдемесіне сәйкес, 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ресми түрде Сауд Арабиясы ғана өтініш берген. Осылайша 2034 жылғы әлем чемпионатын Сауд Арабиясы қабылдайтыны белгілі болды.
ФИФА президенті Джанни Инфантино да 2034 жылғы әлем чемпионатының Сауд Арабиясында өтетінін растап, бұл туралы әлеуметтік желіде жариялап: «Футбол әлемді біріктіреді» деп жазды.
Бұған дейін Австралияның 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім беру идеясынан бас тартқаны хабарланған еді.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтсе, 2030 жылғы әлем чемпионаты Уругвай, Парагвай, Аргентина, Марокко, Испания және Португалияда өтеді.