2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының үздік үміткері таңдалды
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) Атқарушы кеңесі Австралияның Квинсленд штатын 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына басты үміткер ретінде бекітті.
ХОК президенті Томас Бах бұл туралы 24 ақпанда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеп, Квинслендтің штатының орталығы - Брисбен қаласын комитет «Брисбен 2032» ұйымдастыру комитеті және Австралия Олимпиада комитетімен ХХХV Олимпиада ойындарын өткізу туралы келіссөздер жүргізуге кеңес берді. ХОК Атқарушы кеңесі қызу талқылаудан кейін ұсынысты бірауыздан мақұлдады», - деген Т.Бах.
Осы мәселе бойынша түпкілікті шешім ол 2021 немесе 2022 жылдары ХОК сессиясында қабылданады деп күтілуде.
Бұған дейін, 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге Брисбеннен басқа, Доха, Будапешт, Германияның Рейн-Рур облысы, Қытайдың Чэнду және Чунцин қалалары ниет білдірген.