Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2032 жылғы Олимпиада ойындары Австралияда өтуі мүмкін
13:38 / 2020-11-17

Жазғы спорт түрлерінен өтетін 2032 жылғы Олимпиада жарысы Австралияның Квинсленд штатында өтуі мүмкін.

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) «Twitter» парақшасында жарияланған ақпаратқа сай, Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон мен ХОК басшысы Томас Бах кездесіп, онда олар Олимпиада ойындарының біріктіру миссиясын талқылаған. Кездесуде  Премьер-министр Моррисон сонымен бірге Австралия үкіметінің 2032 жылғы ойындарға Квинсленд кандидатурасын толық қолдайтынын тағы да жеткізген.  

Квинсленд штаты Олимпиада ойындарының 2032 жылғы сайысын өткізу жайлы 2019 жылдың желтоқсанында ресми түрде өтініш білдіргенін жариялады.  

Дүйсенбі күні Токиоға сапармен барған Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Сугамен глобалды пандемияға қарамай, келесі жазда Олимпиаданы жоспарланған түрде өткізуге келіскен. Еске сала кетейік, Токио-2020 Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өтуі жоспарланған.