English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2030 жылға қарай әлемдегі 6 қала су астында қалуы мүмкін
14:22 / 2021-11-08

Climate Central ұйымы климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының деректеріне сүйене жасаған болжамына қарағанда 2030 жылға қарай әлемдегі 6 қала су астында қалуы мүмкін.

India Times басылымының мәліметінше, теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты жер бетінде бірінші болып Амстердам қаласы су астында қалуы мүмкін. Тізімде келесі орында Ирактағы Шатт әл-Араб өзенінің бойында орналасқан Басра қаласы тұр. АҚШ-тағы Жаңа Орлеан қаласы айналасындағы бөгеттер жүйесінің болуына қарамастан су астында қалуы мүмкін болған үшінші қала.

4-орында Венеция. Италияның бұл қаласында жер деңгейі жыл сайын 2 мм-ге азайып келеді. Одан кейінгі орында Вьетнамның оңтүстігіндегі Хошимин қаласы. Болжам бойынша, қаланың шығыс бөлігін Меконг өзеніне жақын орналасқандықтан су басып қалуы ықтимал. 

Сарапшылар жасаған тізім бойынша соңғы орында Үндістанның Калькутта қаласы тұр.