English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2030 жыл XXI жазғы Азия ойындары Дохада өтеді
23:27 / 2020-12-16

Оманның Маскат қаласында өткен Азия Олимпиадалық Кеңесінің 39-шы Бас Ассамблеясы қорытындысына орай 2030 жыл XXI жазғы Азия ойындары Қатардың Доха қаласында өтетін болды.

Дәл осы сайысты өз жерінде қабылдау үшін таласқа түскен Сауд Арабияның Эр-Рияд қаласы 2034 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болған.

Осы орайда айта кетерлік мәлімет, соңғы Азия ойындары 2018 жылы Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өткен болатын. 2022 жылғы ойындарды Қытайдың Ханчжоу қаласы, ал 2026 жылғы дүбірлі дода Жапонияның Нагоя қаласында өтеді.