2030 жылға қарай Өзбекстанда биометриялық төлқұжаттың орнына ID-карталар енгізіледі
Өзбекстанда 2030 жылға қарай биометриялық төлқұжаттың орнына ID-карталар енгізіледі. Оны 2023 жылға дейін ерікті түрде алаласыз
Өзбекстанда 2030 жылға қарай биометриялық төлқұжаттың орнына ID-карталар енгізіледі. Оны 2023 жылға дейін ерікті түрде алаласыз.
Президенттің жарлығымен 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтарды цифрлық сәйкестендірудің бірыңғай жүйесіне көшу жағдайына байланысты, биометриялық төлқұжат орнына Өзбекстан азаматының жеке басын және азаматтығын растайтын электронды құрылғысы бар құжат ретінде ID-карталар енгізіледі.
Биометриялық паспорт пен тұруға рұқсат күәлігі ID-карталарға келесі мерзімдерге дейін ауыстырылады:
Бірінші кезең - 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін ерікті түрде (16 жасқа толғаннан кейін немесе заңда көрсетілген басқа себептер бойынша);
Екінші кезең - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін ауыстыру міндетті болады.
Ал, 2011 жылғы үлгідегі Өзбекстан азаматының биометриялық паспорты 2030 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарамсыз болып табылады. Жаңа үлгідегі ID-карталарды алу және ауыстыру үшін ішкі істер органдарының көші-қон және азаматтықты тіркеу бөлімдеріне жүгіне аласыз. Оны алу процесі бір күнге созылады.
ID-карталар келесі мерзімге дейін беріледі:
- жаңа туған балаға бір жасқа дейін - 2 жыл мерзімге;
- бір жастан 16 жасқа дейін - 5 жыл мерзімге;
- 16 жастан бастап - 10 жылдық мерзімге беру қарастырылған.