Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2030 және 2034 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары АҚШ пен Францияда өтеді
12:54 / 2024-07-25

АҚШ пен Франция 2030 және 2034 жылдардағы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайды.

Халықаралық Олимпиада комитетінің шешіміне сәйкес, Америка Құрама Штаттарының Солт-Лейк-Сити қаласы 2034 жылы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайды. 

Солт-Лейк-Сити ХОК сессиясында 83 дауыс алды, 6 делегат қарсы дауыс берген. Атаулы қала бұған дейін 2002 жылы да қысқы ойындарды қабылдаған еді.

Ал, 2030 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Францияның Альпі тауларының бірнеше қаласында өтеді. Хабарламада айтылуынша, Франция әлі қаржылық кепілдік бермеген.

Еске сала кетейңк, келесі Қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылы Миланда және Кортина-д'Ампеццода өтеді.