Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2028 жылы Халықаралық астронавтика конгресі Самарқандта өтеді
18:30 / 2025-10-03

Австралияның Сидней қаласында өткен Халықаралық астронавтика конгресінде (IAC) Өзбекстанның «Узбеккосмос» агенттігі ел атынан тарихи ұсыныс жасап, Самарқандты 2028 жылғы форумды қабылдайтын қала ретінде ұсынды. Мыңдаған халықаралық сарапшылардың бірауыздан қабылдаған шешімі нәтижесінде көне Самарқанд төрткүл дүниенің ғарыш саласындағы ең беделді жиындарының біріне қожалық ету құқығына ие болды.

Бұл шешім тек Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін жаңа дәуірдің басталуын білдіреді. Ғасырлар бойы өркениеттердің тоғысқан мекені болған Самарқанд енді ғарыш ғылымының жаһандық орталығына айналып, әлемдік ғылыми-технологиялық қауымдастық назарын өзіне аударады.

Ауқымды халықаралық басқосу ғылым мен инновацияны дамытуға тың серпін берумен қатар, еліміздің экономикасына да зор ықпал етеді деп күтілуде. Мәселен, жуырда Сиднейде өткен конгресс Австралия экономикасына 42 миллион австралия долларынан (шамамен 27 миллион АҚШ доллары) астам табыс әкелгені белгілі.

2028 жылы Самарқандта өтетін IAC 10 мыңнан астам халықаралық мейманды қабылдап, бірқатар ірі көрмелер мен ғылыми іс-шараларды қамтитын болады. Бұл өз кезегінде туризмді, қызмет көрсету саласын және кәсіпкерлікті жандандырып, еліміздің халықаралық беделін арттыруға, жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашуға ықпал етеді.