2026 жылы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы Өзбекстанда өтеді
2026 жылғы 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы ойындары Өзбекстанда өтеді.
8 тамызда Үндістанның Ченнай қаласында Халықаралық шахмат федерациясының кезекті отырысы өтіп, онда 2026 жылғы Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасы өтетін орнын мәселесі қаралды.
Дауыс беру процесіне қатысқан делегаттар бұл беделді байқаудың Өзбекстанда өтуін бірауыздан қолдады.
Осылайша, 4 жылдан кейін Өзбекстанда шахмат олимпиадасы өтеді. Бұл беделді турнирді өз жерінде өткізу үшін Польша және Замбия елдері де қатысқан.
2024 жылғы шахмат олимпиадасы Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтеді.