2026 жылғы қысқы Олимпиада логотипі онлайн режимінде таңдалады
Тарихта тұңғыш рет Олимпиада және Паралимпиада ойындарының логотипін таңдау үшін қоғамдық сауалнама жүргізілуде.
«Милан-Кортина 2026» Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитетінің ресми сайты жарыстың ресми логотипін таңдау үшін онлайн дауыс беру процесін өткізуде. Олимпиада тарихында бұл жағдай алғаш рет болып отыр және жұртшылық ресми логотипті таңдау үдерісіне қатысуда.
Кез-келген адам өзінің сүйікті нұсқасына 20 наурызға дейін «Milan Cortina 2026» сайтында дауыс бере алады. Дауыс беру кезінде екі нұсқа ұсынылды - Futura және Dado. Қазіргі кезде Паралимпиада ойындарының логотипі де жасалуда.
«Милан-Кортина 2026» Олимпиада ойындарын 2019 жылдың маусымында өткізу құқығын жеңіп алды. Қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-26 ақпан аралығында өтуі жоспарланған.