Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2026 жылға қарай Өзбекстандағы күн және жел электр станцияларының қуаты 8000 МВт құрайды
12:20 / 2022-02-07

2026 жылға қарай Өзбекстандағы күн және жел электр станцияларының жалпы қуаты 8000 МВт құрайды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту және қолдау бағдарламасы әзірленетін болып, осы бағдарлама аясында жалпы қуаты 4000 МВт болатын 8 жел электр станциясы салынады. 

Атап айтқанда, 2023-2024 жылдары Қарақалпақстан Республикасы, Бұхара және Науаи облыстарында жалпы қуаты 1600 МВт болатын 4 жел электр станциясы, 2025-2026 жылдары жалпы қуаты 2400 МВт болатын 4 жел электр станциясы іске қосылады.

Сонымен қатар қуаты 4000 МВт күн фотоэлектр станциялары іске қосылады. Нақты айтқанда, 2023 жылы Науаи, Жызақ, Самарқанд және Сұрхандария облыстарында жалпы қуаттылығы 1 100 МВт, 2024 жылы Бұхара, Наманган, Хорезм, Қашқадария және Ферғана облыстарында жалпы қуаттылығы 900 МВт 5 және 2025-2026 жылдарда жалпы қуаты 1 800 МВт күн фотоэлектр станциялары жұмыс істей бастайды.

2030 жылға қарай қуаты 1 МВт-қа дейінгі шағын көлемдегі жаңартылатын энергия көздерінің көлемі 1000 МВт-қа дейін ұлғайтылады.