2026 жылдың соңына дейін Өзбекстанда 25 заманауи электр станциясы іске қосылады
2026 жылдың соңына дейін Өзбекстанда жалпы қуаты 11 954 МВт болатын 25 заманауи электр станциясы іске қосылады.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, кейінгі 4 жылда Өзбекстанда генерациялау қуатын арттыру мақсатында халықаралық компаниялармен жалпы құны 10 миллиард 148 миллион долларлық жалпы қуаты 11 954 МВт болатын 25 электр энергиясын сатып алу келісімі мен инвестициялық келісімге қол қойылды.
Осы келісімге сәйкес республикада 2026 жылдың соңына дейін жалпы қуаты 11 954 МВт болатын 25 электр станциясы (9 жылу, 9 күн және 7 жел электр станциясы) іске қосылады.
Бұл Өзбекстандағы қазіргі электр энергиясын өндіру көлемінің 60 пайыздан астамын құрайтыны айтылады ведомство хабарында.