Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтетін қала анықталды
13:10 / 2019-06-25

2026 жылда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қаланы анықтау жайындағы мәселе талқыланды.


Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-ші сессиясы Швейцарияның Лозанна қаласында басталды. Онда 7 жылдан кейін 2026 жылда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қаланы анықтау жайындағы мәселе талқыланды.

Олимпиада ойындарын қабылдайтын қалалар тізімінде Милан және Кортина-д'Ампеццо (Италия) және Швецияның Стокгольм қаласы негізгі үміткерлер болған. Соңғы шешім, дауыс беру қорытындысы бойынша 2026 жылда 6-22 ақпан аралығында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда, Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін болды.

Еске сала кетсек, 2022 жылда өтететін XXIV қысқы Олимпиада ойындары Қытай астанасы Бейжіңде өтеді.