2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Пара Азия ойындары Ташкент қаласында өтеді.
Азия паралимпиада комитетінің ресми сайтында, Өзбекстан Паралимпиада комитетінің ұсынысы бойынша атаулы турнир қабылдаушы мәртебесі Ташкентке берілгені хабарланған.
«2025 жылдың қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында өтетін жарысты өткізуге Өзбекстан Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық Паралимпиада комитеті өтінім берген. Жастар арасындағы Азия параойындары алғаш рет Азия ойындарымен бір қалада және бір спорт алаңдарында өтеді», делінген хабарламада.
Еске салар болсақ, 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары да Ташкент қаласында өтеді. 2021 жылғы жасөспірімдер арасындағы Паралимпиада ойындары 2-6 желтоқсан аралығында Бахрейн қласында өтпек. Осы турнир соңында Өзбекстан келесі жарысты қабылдаушы тарап ретінде турнир жалауын қабылдап алады.