2025 жылғы Қысқы Азия ойындары Қытайда өтеді
Бангкок қаласында өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында азиялық ауқымда өтетін бірқатар ірі жарыстар туралы шешім қабылданды.
Тиісінше, 2023 жылдың қарашасында Таиландтың Бангкок пен Чонбури қалаларында өтетін жабық ғимараттағы және жекпе-жек өнері бойынша VI Азия ойындары 2024 жылдың ақпан-наурыз айларына шегерілді.
Қытайдың Харбин қаласы 2025 жылы өтетін IX Қысқы Азия ойындарын қабылдаушы атанды.
2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясының Трожена қаласы қабылдайды. Бұл қала қазір қайта салынуда.