2025 жылғы қажылық маусымының басталу уақыты белгілі болды
Өзбекстанда 2025 жылғы қажылық маусымы 13 мамырда басталады. 28 мамырға дейін күн сайын Сауд Арабиясына әуе рейстері жүзеге асырылады.
Өзбекстан Мұсылмандары басқармасының мәліметіне сәйкес, қажылар Ташкент, Бұхара, Наманган, Самарқанд, Қаршы, Термез, Үргеніш, Науаи және Нөкіс қалаларындағы әуежайлар арқылы Мәдина қаласына ұшады. Ұшулар Uzbekistan Airways, сондай-ақ FlyNas және FlyAdeal әуе компаниялары арқылы жүзеге асырылады.
Осыған орай, қазіргі уақытта қажылық шараларын ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде: Зияратшылар медициналық тексерістен өтті; Егулер жүргізілді; Топ басшылары мен дәрігерлер бекітілді; Сапар алдында практикалық жаттығулар ұйымдастырылды; Құжаттар рәсімделді.
Сондай-ақ, әрбір қажыға «Қажылық – ұлы ғибадат» атты нұсқаулық, сөмке, төсеніш, термос, қолшатыр, SIM-карта және қуаттағыш берілген.