2025 жылдан киберспорттан Олимпиада ойындары өтеді
2025 жылдан бастап киберспорттан Олимпиада ойындары өтеді.
Бұл шешім Халықаралық Олимпиада комитетінің Парижде өткен 142-сессиясы аясында қабылданды.
Алғашқы жарыс 2025 жылы Сауд Арабиясында ұйымдастырылады.
ХОК президенті Томас Бах: «Бұл ХОК үшін шын мәнінде жаңа дәуір. Олимпиадалық киберспорт ойындарын мақұлдау арқылы біз цифрлық революцияға қадам басып келеміз. Бұл бастамаға киберспорт қауымы ынталы. Бұл жастар арасындағы олимпиадалық бренд пен оның құндылықтарының тартымдылығын тағы да растайды».
Бұған дейін, ХОК президенті Томас Бах киберспорт бойынша Олимпиада ойындарын 2023 жылдың қазан айында өткізу жоспарын жариялаған еді.