Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2025 жыл жастар арасындағы IV жазғы Азия спорт ойындары Өзбекстанда өтеді
19:01 / 2020-04-03

Азия жарысы Ташкент пен Самарқанд қаласында өтеді деп жоспарлануда


IV жазғы Азия спорт ойындары жарысын Өзбекстанда өткізу жөнінде Премьер-министрдің «2025 жылы Өзбекстанда IV Азия жастар ойындарын ұйымдастыру туралы» қаулысының жобасы талқылау үшін жарияланды.

Атаулы қаулыға сай, онда алда өтер IV жазғы Азия спорт ойындары жарысының Ташкенттегі ашылу салтанатына орай 10 минуттық қойылым өтіп, одан соң жарысты ұйымдастыру бойынша барлық жағдай жасалғандығына көз жеткізу мақсатында дайындық процесімен танысқан Азия Олимпиада комитеті Азия ойындар жарысын өткізуге рұқсат еткен.

Бұдан бөлек, ХХІ жазғы Азия ойындарын 2030 жылы Өзбекстанда өткізу туралы өтініш қабылданып, ол 2020-2021 жылдардағы Азия Олимпиадалық кеңесінің кезекті отырысында қаралатыны мәлім болды.

14-17 жас аралығындағы спортшылар арасында өтетін жазғы Азия ойындары алғаш рет 2009 жылы Сингапурда бастау алды. Содан кейін 2013 жылы Нанкинде (Қытай), 2017 жылы Хамбантотада (Шри-Ланка), ал 2021 жылы Шантаута (Қытай) өтеді. Жазғы Азия спорт ойындары жарысында 9 спорт түрі бойынша 43 шетелден келген азаматтар бақ сынайды.

2025 жыл өтетін жазғы Азия ойындары Ташкент пен Самарқанд қаласында өтеді деп жоспарлануда.