2024 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Бахрейнде өтеді
2024 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Бахрейн астанасы Манама қаласында өтеді.
Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) хабарлап, Армения мен Албанияның астаналары Ереван мен Тирана да әлем чемпионатын өткізуге өтініш бергенімен, дауыс беру кезінде Манама көп қолдау тапқанын мәлімдеді.
Әлем чемпионаты Париждегі жазғы Олимпиада ойындарынан бірнеше айдан кейін келесі жылдың қараша немесе желтоқсан айларында өтеді.